«Біз ол жайында екі күн бұрын естідік. Дамир деген жігіт. Оның мәселесін зерделеуді бастадық. Бізге түскен ақпаратқа сәйкес, студенттің ата-аналары баласын алып кету туралы өтінішті өздері берген. Дегенмен, қазір біз өзіміз тексеріп жатырмыз. Егер оны заңсыз оқудан шығарса, заң бойынша тиісті шаралар қолданылады», - деді К.Шәмшидинова. Айта кетейік, бүгінгі брифингте білім министрі білім қызметкерлерінің жалақысын көтеру шаралары туралы айтты. Аталған тапсырманы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген болатын. Оған сәйкес, жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 көтерілуі керек. Бүгінде арнайы тарифтік коэффицент бекітілді. Бұдан бөлек, Күләш Шәмшидинова жалақының қалай артатынын нақты мысалмен көрсетті.