Ұлы күн
Елімнің талай ғасыр тарихында.
Мұндалап жатыр алуан сауал, арасында.
Көшпенді ата – баба берік ұстап салт дәстүрін,
Аманат етпеді ме қастерлеп бізге бүгін.
Ұлы күн, ұлы той ұлы дала төсінде,
Жиырма бес жыл тәуелсіздік жемісі де.
Келіп жетті ау Наурызымыз осы күнде,
Жадыратып жан – жаһанды мейірімге.
Құтты болсын берекенің белгісі боп келген Наурыз!
Елімнің шежіресі болған бұл із.
Шаңырағың биік болып көріктей бер,
Бас қосқан барлық ұлтқа бата берер.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Шалахаев Б.Ж.