7 маусымда" № 42 Орта мектеп " КММ-де жазғы алаңда екі топта сабақ өтті. "Күншуақ" атты қазақ тілінде оқытатын топта балалар "Шалқан " және "Қоян мен қасқыр" атты екі ертегіні сахналап, көрсетті. "Радуга" деп аталатын орыс тілінде оқытылатын топ балалары қалалық мәдениет саябағына барып, саябақта пикникке шықты. Күн өте қарқынды және көңілді өтті!
6 маусымда" № 42 Орта мектеп " КММ -де мектеп аумағында С. Мұқанов атындағы қалалық қазақ театрының актерлері балалармен ойын-сауық конкурстарын,эстафеталар мен ойындар өткізді.Күн сайын мектепте жазғы мектеп жанындағы алаңда сабақтар жалғасуда.
5 маусымда "№42 Орта мектеп" КММ-де мектеп жанындағы жазғы алаңның ашылуы өтті. Жауапты: Мұхатаева Динара Каержановна, Мұнайдарова Гүлнарай Елубайқызы, Мешалкина Татьяна Николаевна, Үмбетова Алпеш Сейтахметқызы. Бірінші күні балалар ойнады, сурет салды, би биледі , ән айтты, аулада сабақтар өткізілді, сондай-ақ балалар ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған "Өз ойынымыз" викторинасына қатысты.